Брюссель Грекияның 1,2 млрд еуро беру туралы өтінішін қабылдамады. Еуроаймақ елдері банктік қайта капиталдандыру қорынан Грекияға қаржы бөлуге ешқандай құқықтық негіз жоқ деп шешті.
Десе де, EFSF Еуропалық қаржылық тұрақтылық қорының төрағасы жұмыс тобының бұл мәселені қарайтынын және еуроаймақтың қаржы министрлерінің кезекті кездесуіне ұсыныстар даярлайтынын айтты.
Осыған дейін Еуропалық орталық банк (ЕОБ) грекиялық банктерді қаржыландыруды тоқтатқан болатын. Осыған байланысты, елдің қаржылық институттары қаржы жетіспеушілігін сезіне бастады. Белгісіздіктің әсерінен салымшылар өз есепшоттарынан жаппай ақшаларын алып жатты. ЕОБ 2015 жылдың 11 ақпанынан бастап грекиялық облигацияларды несие кепілзаты ретінде қабылдамайтын болып шешті. Осыған байланысты ақша құйылуы да тоқтап қалды.