Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуроодақ Ресейге қарсы ықпалшаралар мерзімін ұзартты

Еуроодақ Ресейге қарсы ықпалшаралар мерзімін ұзартты

Алматы. 6 шілде. 7kun.kz –  Еуроодақ Ресейге қарсы селекторлық ықпалшаралардың мерзімін 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін тағы жарты жылға ұзартты, деп хабарлайды Росбалт.

Аталмыш шешімді Кеңес мүшелерінің барлығы бірауыздан қабылдады.

Селекторлық ықпалшаралардың мерзімі 2018 жылдың 31 шілдесінде аяқталуы тиіс еді.

Естеріңізге сала кетсек, шектеулер Ресей экономикасының қаржылық және энергетикалық секторларына, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі мен қосарлы мақсаттағы тауарлар өндірісіне қатысты бекітілген болатын. Бұл шаралар аталған салаларда жұмыс жасайтын бірқатар ресейлік компаниялардың ЕО қаржы нарығында өз облигацияларын орналастыру және европалық банктерден несие алу мүмкіндігін шектейді, сондай-ақ компаниялардың европалық технологияларға қол жеткізуіне шектеулер қояды.

Похожие материалы