Еурокомиссия, Еуропа парламенті және ЕО Кеңесі роумингі үшін төлем алудан бас тартуға қатысты уағдаластыққа келді.
"Бәрекелді! Роуминг үшін төлем жойылды. Интернет баршаға ашық. Біз саяси келісімге қол жеткіздік", - деп жазды әлеуметтік желілерде цифрлық экономика мәселелері жөніндегі еурокомиссар Гюнтер Эттингер. BNS деректеріне сүйенсек, ЕО-да роуминг үшін үстеме қаражат төлеу 2017 жылдың 15 маусымынан бастап жойылады. Бұл ЕО-ның басқа еліндегі тұтынушыларға өз еліндегі төлеммен ұялы байланыс қызметтерін қолдануға мүмкіндік береді. Өтпелі кезеңде, яғни 2016 жылдың 10 маусымы мен 2017 жылдың 14 маусымы аралығында роуминг үшін алынатын төлем біршама азаяды. Ортақ цифрлық нарық үшін жауапты Еурокомиссия вице-президенті Андрус Ансиптің айтуынша, ЕО-да "барша қауым роуминг үшін алынатын төлемнің жойылатын және желілік бейтараптылық орнатылатын нақты күннің белгілі болуын күткен".Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024