Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – Еуроодақ Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй ұсынған Brexit жоспарын қабылдамады.
Себебі ол еуропалық нарықтың тұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл туралы Еуропалық кеңестің жетекшісі Дональд Туск мәлімдеді.
19 қыркүйекте Еуроодаққа мүше 27 елдің басшысы Зальцбургте жиналып, Ұлыбританияның одақтан шығу жоспарын талқылады. Нәтижесінде Тереза Мэйдің шілде айындағы Чекерстегі Ұлыбритания үкіметінің отырысында жария еткен ұсыныстарын қолдамады.
«Мэйдің бағдарламасы Ұлыбритания мен Еуроодаққа ортақ сауда ережелерін құруды көздеген. Туск, бұл жоспар одаққа мүше елдер үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз», - деді.
«27 елдің ойы бір жерден шықты. «Чеккерс» ұсынысының оңтайлы тұстары болғанымен, жоспар экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Өйткені ол нарықтың тұтастығын бұзуы мүмкін», - дейді Еуропалық кеңестің президенті Дональд Туск.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024