Қазақстан. 12 шілде. 7kun.kz – Еуропалық Одақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакал бастаған Еуроодақ делегациясымен кездесті.
«Агенттіктің еуропалық серіктестермен өзара іс-қимыл мәселелерінде ашықтығы мен дайындығын ерекше атап өткім келеді. Біз өз тарапымыздан Қазақстаннан Еуропаға шығарылған активтерді қайтару туралы сұраныстарға қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакала.
Тараптар заңсыз баю және кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау үшін заңды жауапкершілікті енгізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қорғау тақырыбы да талқыланды.
ЕО арнайы өкілдері елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының екпінін оң бағалап, GRECO-ның халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары мен озық тәжірибелеріне сәйкестігіне ұмтылысын атап өтті.
Сондай-ақ кездесуде дамудың маңызды векторы Қазақстанның сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Еуропа кеңесінің конвенциясына қосылуға дайындығы атап өтілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024