Өмірден баз кешкен адамдар өте көп, бірі мүгедектік пен төсектен танылғаннан жалықса, енді бірі айықпас дерт, жанды жегідей жеген, жанға батқан жаман ауруларға шыдамай өмірден түніледі. Осындай жандарға о дүниеге аттануға көмектесетін ұйымдар әлемге банктерімен әйгілі Швейцарияда ашылғаны мәлім.
Швейцариялық Конфедерация кез келген дағдарыста қаржыңызды сақтайтын сенімді айлақ. Швейцарияның ақшасы жетекші позицияларға ие, және Цюрих – экономикалық ең тұрақты астана. Ең қызығы бұл ел билігі жоқ мемлекет, бұл елді басқару «төменне жоғары» принципіне негізделген.
Эвтаназия жасауға бел буған адамдарға көмек беру, сонымен қатар осы қызметтен пайда табу Людвиг Минелли атты заңгердің ойына келеді. Ол «Dignitas» ұйымын 1998 жылы ашқан болатын. Швейцария заңдарымен эвтаназияның өзіне тиым салынса да, суицидке көмектесуге рұқсат етілген, егер өмірмен қош айтушы мұны қалап тұрса. Қазір Швейцарияда мұндай қызмет түрімен айналысатын он шақты ұйым бар, оларды көш бастап тұрған «Дигнитас» (абырой) пен «Экзит» (шығу, амал) клиникалары.
Мұндай шешуші қадамға бармас бұрын жанкештімен білікті психологтар жұмыс істеп, шешімінің қаншалықты нақты, қаншалықты ойластырылғанын анықтайды. Шешім қабылдау үшін екі кезең беріледі. Яғни науқас шешімнен айнып қалар деген оймен қосымша уақыт қарастырылған. Егер бәрі ойдағыдай болса екі тарап арасында келісім шарт жасалады. Мұндай қызмет түрі 9-10 мың швейцариялық франкқа, кейбір деректерде 4-7 мың еуроға (бөлмелердің көлеміне және интерьер классына байланысты) тең.
Аталмыш ұйымдар сіз соңғы күндеріңізді ұмыттырмастай етіп өткізеді. Сіз сыртқы әлемнен жырақталасыз. Ұйым сіздің соңғы тілектеріңізді орындауға тырысады. Керемет жиһазбен көмкерілген жылы да жайлы бөлмелерде, сүйкті музыкаңыздың сүйемеліне мәңгі ұйқыға аттанасыз.
Барлық процедура бейнекамераға түсіріледі, өмірмен қош айтысқалы жатқан камераға қарап: «Мен өз еркіммен осындай қадамға бардым» деп дәлел келтіреді. Бәрі аяқталған соң жергілікті полиция қызметі шақырылып, тегеу жұмыстары жүргізіледі. Құқық сақтаушы органдары қызметкерлері болған оқиғаның заңды жасалғанына мәне береді, құжаттар рәсімдейді.
Алғашқы онжылдықта Дигнитас әлемнің қатаң сынына ұшыраған болатын, тіпті Швейцария парламентінде талай талқыға салынған еді. Дегенмен, бүгінде аталмыш қызметке сұраныс көбеймесе, азайған жоқ. Әлемдегі кез келген діни конфессиялар бұған үзілді-кесілді қарсы. Ұлыбританияның заңдары кез келген суицидке қатаң тиым салады. Алайда Дигнитас, екситтің «тұтынушылары» тізімінде британдықтар екінші орында тұр, бірінші орында алманиялықтар. Этаназияға жүгінген адамдардың 60% – әйелдер. Әлемнің түкпір түкпірінде айықпас ауруларға дәрігерлер, тағы басқа адамдар эвтаназиямен көмектескені туралы фактілер тіркелген. Олар өз елінде қылмыскер болып саналады.
Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы мемлекет және мұсылмандар саны бойынша доминантқа ие Ислам дінін ұстанушы ел. Сондықтан кез келген суицид жасау тәсілдері Заң мен шариғатқа қайшы. Сондай-ақ, Қазақстан қоғамы аз-кем, біртіндеп халал индустриясына көшуге талпынып отыр.
Міне, Еуропада «өлу мәдениетінің» жаңа құбылысының пайда болуы сұраныстың пайда болуымен түсіндіріледі. Бұл жайт қазақстандықтар үшін тансық дүние, алайда еліміздегі суицидтер, оның ішінде балалардың қапияда өмірмен қош айтысуы жыл өткен сайын көбейіп барады. Демек, бұл проблема Дүние жүзінің дерті.
Әлия Кемелбекова
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024