Еуропалық орталық банкі (ЕОБ) базалық пайыз мөлшерлемесін 0,05-дан 0%-ға дейін төмендетті, кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме - 0,3-тен 0,25%-ға, ал депозит бойынша мөлшерлемені - -0,3-тен - 0,4%*ға дейін түсірді. Шешім 16 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды РБК.
Сондай-ақ, бейсенбі күні ЕОБ сандық жұмсарту саясаты бағдарламасын (QE) айына 60 млрд еурдан 80 млрд еуроға дейін кеңейту туралы шешім қабылдады. 2015 жылдың қаңтар айында қолға алынған инвестициялық рейтинг бойынша қарыз облигацияларды сатып алу туралы бағдарлама аясында Еуроаймақ елдерінің экономикасына 1,1 трлн еуро қаржы түседі деп күтілген. Енді активтерді сатып алу жөніндегі тізімге еуроаймақтағы айналымға ақша шығаратын банктік емес ұйымдар мен қосымша еуробондар қосылады. Түзетілген бағдарлама сәуір айынан бастап енгізіледі.
Реттеуші банк 2016 жылдың шілдесіне төрт жыл өтеу мерзімімен банктерді қайта қаржыландырудың ұзақ мерзімді операциялары сериясының (TLTRO II) шығарылатыны туралы жариялады.
ЕОБ осы шара арқылы дамыған елдердің инфляциясын реттеп, экономиксын ынталандыруды көздеп отыр. 2016 жылдың қаңтар айында еуроаймақ елдерінде инфляция 0,3%-ды құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024