Бүгінгі таңда лоукостерлерге, яғни дәстүрлі сервистен бас тартып, оның орнына арзан билеттерді ұсынатын әуе компанияларға еуропалық әуе тасымалдар нарығының үштен бірі тиесілі. Олардық қызметтерін тұтынатын студенттер ғана емес. Шамамен 600 евро төлеп, Мәскеу-Берлин-Париж-Лондон-Барселона-Будапешт-Киев бағытымен саяхат жасағысы келетіндердің қарасы көп, әрине. Дегенмен, Қазақстанда мұндай бюджеттік тасымалдар әлі дамымаған.
Отандық әуе компанияларының ұсынатын бағаларын арзан деу қиын. Бұл олқылықтың орнын толтыратын Қазақстанмен серіктестікте жұмыс істейтін шетелдік әуе компаниялары. 7kun.kz Қазақстан мен Еуропаның арасында әуе тасымалдарын жүргізетін, сонымен қатар біздің жерімізге ұшақтарының басын сұқпаса да, Еуропа қалаларының арасындағы қатынастарда "сүйкімді" бағаларымен қызықтыратын 7 әуе компанияны назарларыңызға ұсынады.
Air Berlin
Үлкендігі бойынша екінші (Lufthansa-дан кейінгі) неміс әуе тасымалдаушысы бюджеттік компанияға тек шартты түрде жатқызылады. Мұндай деп оны бағаларын "лоукост" саясатымен белгілегендіктен атайды. Air Berlin қарапайым әуе компанияларының артықшылықтарын сақтап қалған: мұнда жеке орындар, тегін тамақ беріледі, кейде сусын тарататындары бар. Бұл ретте жолаушылар әдеттегідей ірі әуежайларға келіп қонады.
Сонымен қатар, компания ара-кідік түрлі жеңілдікті акциялар өткізеді, яғни кей жағдайларда билеттерді айтарлықтай арзан бағамен алуға болады. Украина мен Ресей арасындағы шиеленістерге байланысты компания рейстер санын шектеді. Осыған байланысты компания табысы қысқарғанмен, қамтитын географиялық аймағының кеңдігіне және тиімді баға саясатына байланысты Air Berlin жетекші позициясын жоғалтқан жоқ.
Пайдалы бағыттар: Берлин, Мюнхен, Дюссельдорф және Гамбург қалаларына байланысты барлық бағыттар.
Бір жаққа алынатын билет құны: Мәскеу - Берлин - 99 евро; Дюссельдорф - Париж - 140 евро.
EasyJet
Ең танымал еуропалық лоукостер осы саланың символына айналған, көптеген сәйкес мараптарға ие. Бағыттары белгілі бір қалаларға байланып қалмаған, көп бағыттарда жұмыс жасайды. Сайттарының дизайнынан бастап, ұшақтағы буфеттеріне дейін жағымды әсер қалдырады. Сайтта билетті рәсімдеп жатып, түрлі қосымша қызметтерді қосып не алып тастай аласыз. Мысалға, салонға бірінші болып кіру құқығын алуға болады, осылайша сіз өзіңіз қалаған жайлы орынды таңдау артықшылығына ие боласыз. EasyJet-тің басты ережесі - билетті алдын-ала алып қою.
Пайдалы бағыттар: Женева, Париж, Берлин, Италия мен Ұлыбританияға байланысты барлық бағыттар.
Бір жаққа алынатын билет құны: Таллин - Лондон - 52 евро, Женева - Будапешт - 48 евро, Лион - Венеция - 49 евро.
Transaero
Аэрофлоттың мәңгілік қарсыласы ресейлік Трансаэро үздік әлемдік бюджеттік әуе компанияларының қатарында жоқ. Бізге ол несімен қызық? Жауап: ол біздің жолаушыларымызды Еуропаға Қазақстанымыздан тікелей жеткізетіндігімен қызық.
Жоғарыда атап өткен компаниялармен салыстырғанда бұлардың сервисі мен техникалық жабдықталуы онша мықты емес. Алайда, Қазақстаннан Еуропаның ірі қалаларына жеткізіп салатын артықшылығы бар. Трансаэро ұшақтарына Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Шымкент қалаларынан отыра аласыз.
Пайдалы бағыттар: Ресей қалалары, Еуропаның солтүстік-шығысындағы бағыттар.
Бір жаққа алынатын билет құны: Алматы - Санкт-Петербург - 62 евро, Санкт-Петербург - Мәскеу - 10 евро.
Ryanair
Ирландтық тасымалдаушы өте арзан, тіпті билеттерді ұшатын күн жақындап қалғанда да алуға болады. Ryanair бәсекелестерін тек бағасымен ғана емес, сондай-ақ сәтті жарнамалық компанияларымен ұтады.
Арзан бағаларға компания ыңғайлылыққа деген минималды аз көңіл бөлу (көп жағдайда рейске тек интернет арқылы тіркелуге болады) және қашықтықтағы әуежайларды пайдалану арқылы қол жеткізеді. Мысалға, Париж үшін - көрші жатқан Бове, Франкфурт үшін - қаладан 120 км жердегі Франкфурт-Ханн.
Өткен жылдың наурыз айында RyanAir жолаушылар тасымалы бойынша рекорд орнатқан еді. Бір қаржылық жыл ішінде 81,7 млн жолаушы тасымалдаған екен.
Пайдалы бағыттар: Дублин мен Лондонға байланысты бағыттар; Франция мен Италияның шағын қалалары.
Бір жаққа алынатын билет құны: Рига - Милан - 27 евро, Лондон - Дублин - 20 евро, Ла-Рошель - Брюссель - 20 евро.
Norwegian
Еуропалық ірі лоукостерлердің бірі өздерінің баға-сапа қатынасын және барлық экологиялық нормаларды бұзбайтындығын мақтан етеді. Алғашқыда норвегиялықтар тек ішкі нарықта жұмыс істеді, содан соң көрші нарықтарды игере бастап, қазіргі уақытта Скандинавия елдері ішіндегі ең ірі әуе тасымалдаушысына айналды.
Norwegian ұраны: "Әркім ұшуға лайық". Олардың жүк көлемі мен бағытқа байланысты билетті таңдау мүмкіндігін ұсынуы шынымен де ұрандарымен үндесіп жатқандай. Көп қатынайтын адамдарға бонус жинақтауға болады. Сонымен қатар Norwegian рейске дейінгі 30 күннен бұрын қайтарылған билет үшін толық құнды қайтарады.
Пайдалы бағыттар: Норвегия, Дания және Швецияға байланысты барлық бағыттар.
Бір жаққа алынатын билет құны: Осло - Лондон - 35 евро, Копенгаген - Прага - 30 евро.
Wizzair
Венгриялық компания Еуропаның шығысы мен батысын жалғайтын рейстерді орындайды, осылайша ол EasyJet пен Ryanair-дің шығыс еуропалық нұсқасы ретінде болып отыр. Атап өткен екі лоукостер секілді бұл компаниядық нақты бір елдің рейстерімен шектелмейді.
Стандартты лоукостерлік жиынтықпен қатар Wizzair билеттің бағасындағы айырмашылықты ғана төлеп, оның күні мен бағытын өзгерту мүмкіндігін ұсынады. Ryanair-дікіндей компанияның басты кемшілігі - қолданатын әуежайларының ірі қалалардан алшақ орналасқандығы.
Пайдалы бағыттар: Будапешт, Бухарест, Киев, София, Прага мен Польшаға байланысты бағыттар.
Бір жаққа алынатын билет құны: Киев - Лондон - 70 евро, Прага - Рим - 36 евро.
Vueling
Clickair лоукострын құрамына қосқаннан кейін испандық Vueling тек өз елінде ғана емес, Еуропада да басымдыққа ие бола бастады. Жалпы алғанда бұл сапалы жұмыс жасайтын, барлық нәрсеге үнемдеуге тырыспайтын компания. Түрлі кішкентай болса да, ыңғайлы қызметтерді ұсынуға әзір. Мысалға, сайтта билет алып жатқанда, ұнаған бағаңызды 24 сағатқа "бекітіп" қоя аласыз, содан соң басқа нұсқаларды қарастыра аласыз.
Сонымен қатар Vueling жолаушылары үшін арнайы мобильді қосымша да әзірлеген. Осылайша компьютер, кассасыз-ақ билеттерді рәсімдеп, күндерін ауыстыруға болады.
Пайдалы бағыттар: Испанияға қатысы бар барлық бағыттар.
Бір жаққа алынатын билет құны: Мәскеу - Барселона - 80 евро, Амстердам - Барселона - 40 евро, Париж - Ибица - 40 евро.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024