Экономика
Выбор редактора
Евразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды
Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары ретінде Андрей Черненко тағайындалды. Бұл туралы банктың баспасөз қызметі хабарлайды.
Аталған қызметте ол мемлекеттік органдармен қауіпсіздік, істерді басқару мәселелері бойынша байланысып отырмақ.
А.Черненко М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, КОКП ОК-дағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген, заңгерлік ғылымдарының кандидаты. 1989 - 2005 жылдар аралығында Ресей Федерациясының атқарушы билігінде, ІІМ органдарында жұмыс істеген. РФ үкіметінің аппаратын және бірнеше федералды қызметте басшылық қызметіне болды. 6 жылдан астам "ВТБ" банкінің вице-президенті ретінде қызмет атқарды.
ЕДБ - 2006 жылы Ресей мен Қазақстан арқылы өзара сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтіп, нарықтық экономиканы дамыту үшін құрылған. Негізгі капиталы - 7 млрд доллар. Банктің акционерлері мемлекет: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан. Штаб-пәтері Алматыда орналасқан.