Еурокомиссия қазақстандық Air Astana әуе компаниясын қауіпті әуе тасымалдаушылар "қара тізімінен" шығарды. Бұл туралы ЕК хабарламасында айтылды.
Еуропалық комиссия бейсенбі күні әуе тасымалдарының қауіпсіздігі бойынша тізімді қайта жаңартты. Бұл тізімге Еуроодаққа ұшуға тыйым салынған әуе компаниялар кіреді. "Біз Air Astana-ның алты жылдық қызметінен кейін шектелген компаниялардың тізімінен шығарылғанына куаныштымыз", - деді Еурокомиссия мүшесі Виолета Булц. "Дегенмен ЕО азаматтарының қауіпсіздігі үшін Қазақстанның басқа әуе кемелері тізімде қалды. Сондай-ақ, тізімге ирактық Iraqi Airways әуе компаниясы енгізілді", - деп атап өтті ол. ЕО азаматтарының қауіпсіздігі үшін жаңаланған тізім 11 қарашада жарияланады. Тізімге 20 мемлекеттің 228 әуе компаниясы енгізілген. Фото: aviabilety.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024