Экономика
Выбор редактора
EXPO-2017 тапсырыстары бойынша қазақстандық компанияларға басымдық беріледі

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) мен EXPO-2017 ұйымдастырушы комитеті бірлесіп, көрме жұмыстарын жүргізуге қазақстандық кәсіпорындардың қатысуын бақылайтын жұмыс тобын құрмақшы. Бұл туралы ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлімдеді деп хабарлайды 7kun.kz.
"Қазір EXPO-2017 ұйымдастыру комитетімен бірлесіп, көрме аясында жүргізілетін қандай да бір тапсырыстарға бағасына қарамастан қазақстандық өндірушілерді тарту процесін бақылайтын жұмыс тобын құрып жатырмыз. Бұған ұосымша өнімдер мен жеңіл өнеркәсіп те кіреді", - деді ол.