«Recommende by EXPO» турпакеттері 2016 жылы сатылымға шығарыла бастайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.
«Бүгінгі таңда біз туризм саласында үш бағытта жұмыстар атқарып жатырмыз. Біріншіден, бас қала ЭСКПО қатысушылары мен келушілерді қабылдауға әзірлену үстінде. Екіншіден, ЭКСПО эффектісін Астана арқылы бүкіл өңірлерге таратуымыз керек. Үшінші басты элементтердің бірі - елордада ғана емес, өңірлерде де сервистік деңгейді арттыру», - деді брифинг барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» кеңесші Роза Асанбаева. Оның айтуынша, компания бүгінгі еліміздегі туризм жолбағдарына кешенді талдау жүргізген. Соның негізінде жалпы қазақстандық жолбағдар тізімі дайындалатын болады. «Осыған орай, ЭКСПО-2017 көрмесін көруге жəне көрме аясында түрлі туристік саяхаттар жасауға мүмкіндік болатынын айта кету керек. Бұл жолбағдарға енген барлық нысандарға «Recommende by EXPO» белгісі, яғни «ЭКСПО-мен ұсынылады» деген белгі қойылмақ. Ағымдағы жылдың соңына дейін барлық турпакеттер мен турлар нақтыланады, ал «Recommende by EXPO» тізіміне енген турпакеттерді сату 2016 жылы басталады», - дейді Роза Асанбаев. Оның айтуынша, турпакеттерді «Tripvisor» жəне booking.com секілді ірі туристік порталдар арқылы сату үшін келіссөздер жасалу үстінде. «Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Астанаға дейінгі авиабилеттерінің құнына ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу бағасын да енгізу туралы «Эйр Астана» компаниясымен жəне шетелдік əуе компанияларымен келіссөздер жүргізілуде», - дейді ұлттық компания өкілі. Дереккөз: Қазақпарат.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024