ExxonMobil ірі мұнай өндіруші компаниясы Калифорния штатының жағалауындағы үш платформасында мұнай өндіруді тоқтатты деп хабарлады компанияның ресми өкілі Ричард Кил.
Оның айтуынша, мұндай шаралардың қабылдануына Оңтүстік Калифорния билігінің шикізатты мұнай өңдеу зауытына автокөлікпен жеткізуден бас тартуы себеп болды. Осылайша компания үш қалқымалы платформасынан мұнайды өңдеуге жеткізу мүмкіндігінен айырылып қалды. "Біз жақында ғана осы платформалардағы мұнай шығаруды тоқтаттық", - деп мәлімдеді Р.Кил. Айта кетелік, мамыр айында шикізаттың мұнай шығаруыш платформалардан зауытқа өтетін мұнай құбырында апат болған еді, мұнай жақын жатқан жағалауларға ағылған болатын. Мұнай құбырының жұмысы тоқтатылды, қазіргі уақытта билік оның қайта монтаждалуын талап етуде.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024