Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Facebook акциялары күрт төмендеді

Facebook акциялары күрт төмендеді

Алматы. 26 шілде. 7kun.kz – Facebook-тің акциялары корпоративтік есеп жарияланғаннан кейін күрт арзандап кетті, деп хабарлайды LS.

NASDAQ қор биржасындағы сауда барысында құнды қағаздар құны шамамен 20% - 173,5 долларға дейін төмендеді.

Reuters агенттігінен түсіндіріп кеткендей, сәрсенбіде жарияланған компанияның корпоративтік есебінен сарапшылардың көңілі қалды. Осы ретте, құжатта атап өтілгендей, Facebook-тің 2018 жылғы II тоқсанында өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 42% өсіп, 13,23 млрд долларға жетті. Алайда бұл нәтиже сарапшылардың үмітін ақтамады, олар 13,36 млрд доллар көлемінде табыс табады деген болжам жасаған.

Әлеуметтік желіде жарнама жариялаудан есепті кезеңде табыс 42% - 13 млрд доллардан асты. Алайда қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған шығын көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 50%-ға артып, 7,37 млрд долларды құрады.

Похожие материалы