Алматы. 13 қараша. 7kun.kz — Facebook компаниясы Facebook Pay - WhatsApp, Instagram және Messenger үшін бірыңғай төлем жүйесін ұсынды. Оның көмегімен пайдаланушылар қызметтерді сатып алып, ақша аудара алады. Бұл туралы Facebook корпоративті сайтында хабарланды.
12 қарашадан бастап Facebook Pay АҚШ-та Facebook және Messenger қосымшаларында іске қосыла бастады, басқа елдерде іске қосылу күні белгісіз. Instagram, WhatsApp және Messenger пайдаланушылары платформаның көмегімен тауарлар мен қызметтерді сатып ала алады,ал кәсіпкерлер - ақша ала алады.
Төлем жүйесі Facebook қосымшасы мен компанияның басқа да сервистері ішінде жұмыс істейді. Оны пайдалану үшін параметрлер мәзіріндегі тиісті тармақты таңдап, төлем әдісін қосу жеткілікті.
"Facebook Pay - бұл біздің қосымшалардың пайдаланушылары үшін неғұрлым ыңғайлы, қол жетімді және қауіпсіз сауданы құру бойынша компания жұмысының бөлігі. Төлем жүйесі сіздің ақпараттарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, біздің қосымшаларымыздағы транзакцияларды жеңілдетеді", - деді Marketplace және Commerce бағыттары бойынша Facebook вице-президенті Дебра Лю.
Facebook Pay көптеген несиелік және дебеттік карталарды, сонымен қатар PayPal-ді қолдайды.
Төлем жүйесі PayPal және Stripe, сондай-ақ әлемдегі басқа да компаниялардың процессингін пайдаланады.
Сондай-ақ, компания Facebook Pay әлі іске қосылмаған Libra криптовалютасынан және Calibra әмиянынан бөлек дамитынын атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024