Алматы. 28 шілде. 7kun.kz - Американдық ірі интернет желілері Facebook пен Amazon алғаш рет нарықтық капиталы 500 млрд доллардан асатын компаниялар тізіміне енді. Ьұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Марк Цукерберг басқаратын Facebook-тың нарықтық кпиталы 2017 жылы едәуір өсіп, бейсенбі күні ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Ал Джефф Безостың Amazon желісі сәрсенбі күні жетістікке жетті.Amazon акциялары 1047,22 долларға тең. Компанияның жалпы нарықтық капиталы 503,21 млрд теңге болды.
Facebook акциялары 170,56 долларға жетті. Нарықтық капиталы қазіргі уақытта 479,89 млрд долларға кеміді (бейсенбі күні 500 млрд доллардан асқан болатын).
Енді тек 3 компания ғана Facebook пен Amazon-ды озып тұр. Олар Тим Кук басқаратын Apple (811,2 млрд доллар), Ларри Пейдждің Alphabet холдингі (661,6 млрд доллар),оның құрамына Google кіреді және Билл Гейтс басқаратын Microsoft (571,7 млрд доллар).
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024