Экономика
Facebook Ресейде жыл соңына дейін бұғатталуы мүмкін
Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz - Роскомнадзор басшысы Александр Жаров 2018 жылдың соңына дейін Ресейде аумағында Facebook-тің бұғатталуы мүмкін екенін айтты деп жазады «Известия».
"2018 жылдың соңына дейін біз Facebook-ті тексерістен өткіземіз. Олар орындауы тиіс бірнеше пункт бар: Ресей азаматтарының деректерін Ресей аумағында локализациядан өткізу және тыйым салынған барша ақпаратты өшір. Олар біздің талаптарды айтылған мерзімінен кешіктіріп жатыр. Егер жоғарыда аталған талаптар орындалмаса онда бұғаттау мәселесі туындайды",-деді Александр Жаров.
Журналистердің Телеграмның бұғатталуына қатысты сауалына ол "Телерграмды терорристер қолданады" деп жауап берді.
Айта кетейік, 13 сәуірде Ресейде сот Телеграмды мемлекет аумағында бұғаттау туралы шешім шығарған еді.