Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Facebook тікелей видеотрансляция қызметін іске қосты

Facebook тікелей видеотрансляция қызметін іске қосты

Facebook тікелей режимдегі видеотрансляция қызметін іске қосты. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Марк Цукерберг хабарлады.

Жаңа функция  Facebook Live деп аталады. Енді әлеуметтік желі қолданушыларының смартфон көмегі арқылы видеороликтер түсіріп, бір-бірімен алмастырып және оны дәл сол уақытта көруге мүмкіндіктері бар. "Сіздің қалтаңызда үнемі видеокамера жүргендей болады", -деп атап өтті М.Цукерберг.

Оның сөзінше, телефоны бар кез-келген адам видеобайланыс арқылы әлемнің екінші бұрышындағы жақынымен сөйлесе алады. "Шынайы уақытта сөйлессеңіз бір-біріңіздің жақындығыңызды сезіне аласыз", -деп есептейді әлеуметтік желінің негізін қалаушы.

Жақын арада ол Facebook қолданушыларының жаңа функция туралы барлық сұрақтарына жауап беруге уәде етті.

Похожие материалы