Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz — Facebook компанияны биометриялық мәліметтерді заңсыз жинады деп айыптаған АҚШ-тағы Иллинойс штатының шағым түсірушілеріне 550 миллион доллар төлеуге келісті.
Алайда, сот әлі дау-дамайдың шешілгенін растамады.
Арыз Facebook-тағы фотосуреттерді талдау жүйесіне қатысты болды: ол адамдарды басқа фотосуреттерде тану үшін суреттерде белгілеуге мүмкіндік береді.
Шағымданушылар бұл жүйені қолдануды биометриялық ақпараттың заңсыз жинағы деп санайды, өйткені, оның ішінде әлеуметтік желі қолданушыдан оны пайдалануға қосымша рұқсат сұрамайды.
Айта кетейік, Иллинойстың дербес деректерді өңдеу туралы заңнамасы АҚШ-дағы ең қатал болып саналады, ал ұжымдық шағымның аясында штаттың миллионнан астам тұрғыны сұралады, деп атап өтті Bloomberg.
Жеңілген жағдайда Facebook 6 млрд долларға дейін айыппұл төлеуі мүмкін.
Facebook талап қоюшылармен келісім «қоғам мен акционерлердің мүдделеріне сай» дауды тоқтату үшін ең жақсы шешім деп санайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024