1,4 млрд адам тұтынушысы бар, ең ірі Facebook әлеуметтік желісі қолданушылардың парақшаларында жарияланбауы қажетті контенттің тізімін жариялады.
Модераторлар арқылы өшірілетін (порнография, террорлық топты қолдайтын жазбалар) тыйым салынған материалдардан бөлек "қара тізімге" әйел адамның жалаңаш көкірегінің суреті ( баласын емізіп жатқан және хирургиялық операция өткізген әйелдердің суреті тізімге енбейді), жыныстық қатынасты жазбаша сипаттау, адамды қорлау үшін фоторедакторда өңделген суреттер және физикалық зорлау актілері бар видеолар енгізілді.
Facebook-тегі контентті сүзгіден өткізумен бүкіл әлем бойынша қызметкерлері айналысады және олар тек қолданушылардың материалдар туралы шағымынан кейін іске кіріседі. Компания бұл мақсат үшін автоматты сканерлеу бағдарламасын қолданудан бас тартып отыр.
Сондай-ақ, компания түрлі елдердің арнайы қызмет тарапынан қолданушылардың мәліметтерін жариялау туралы келетін өтініштер жөнінде ақпаратпен бөлісті. 2014 жылдың екінші жартысындағы қорытынды есеп бойынша, батыс елдері жіберген өтініштер көлемі азая түскен. АҚШ жіберген 14 274 өтініштің Facebook 79 пайызын қанағаттандырды. Ал Ресей, Үндістан және Түркия тәрізді мемлекеттер жіберген өтініштер 34 946-дан 35 051-ге дейін көбейген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024