Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Фактчекинг бойынша журналистер арасындағы конкурс жеңімпаздары марапатталды

Фактчекинг бойынша журналистер арасындағы конкурс жеңімпаздары марапатталды

Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - Кеше Алматыда фактчекинг бойынша журналистер арасында өткен конкурс аяқталып, жеңімпаздар марапатталды.  

Байқауға 6 жұмыс келіп түскен. Әділқазылар олардың ішінен Гүлдана Қазтайдың Қазақстандағы жұмыссыздар саны туралы деректерді саралап жазған мақаласын  3 орынға, Анастасия Шестаеваның  БАҚ-да сұхбат беріп, өзін миллионер ретінде таныстырып жүрген адамның жалған бизнесмен екендігін әшкерелеген мақаласы 2 орынға лайық деп тапқан. Ал 1 орынға Төлепберген Мәліков ие болды. Ол мақаласында Байқоңыр қаласы туралы шындық пен мифтерді саралап, ақ-қарасын анықтаған.  Оларға ақшалай жүлде тапсырылды.

MediaNet халықаралық журналистика орталығының директоры Адиль Джалиловтың айтуынша  бірінші орын иегері Еуропаның өзге елдерінің біріндегі фактчекинг ұйымына сапармен барады.

Конкурсты MediaNet Халықаралық журналистика ортылығы Albany Associates International және IREX Europe әріптестік байланыс негізінде жүзеге асырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша жобаның мақсаты – Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің қолдауымен Орталық Азиядағы жаңалықтар журналистикасының сапасын арттыру.

 

Похожие материалы