Алматы. 10 қазан. 7kun.kz - «Атамекен» ҰКП Қарағанды облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Әлия Садырбаеваға фейсбуктегі жазбасынан кейін жұмыстан кетуді ұсынған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Мен «мажор-министрлер» туралы жазғанда оның салдары болатынын білдім және оған дайын болған едім. Алайда бірінші қадамды «Атамекен» ҰКП тарапынан жасалатынын білген жоқпын. Маған қоңырау шалып, жұмыстан кетуді ұсынды. Сірә, менің белсенді азаматтық ұстанымым ұнамаған сияқты. Бірақ, таңқалатын несі бар?! Ұлттық палатаның құрылтайшысы ҚР үкіметі ғой»,- деп жазды ол.
Өзінің ешқандай қызметке байланып қалмайтынын айтқан ол, әрқашан шындық үшін күресетінін, көзқарасының өзгермейтінін білдірген.
Айта кетейік, ол 5 қазан күні фейсбуктегі парақшасында «70 жылдары өмірге келіп, қазір билікте отырған министрлер елдегі экономикалық ахуал туралы толық біле бермейтін сияқты»,- деп жазған болатын. Сондай-ақ, 15 қазан күні «STOPЦЕНА!» деген атпен қазақстандық акция өткізуді ұсынған еді.
«Мүмкін осыдан кейін бізге назар аударып, әрекетсіз тобыр еместігімізді түсінер? Мүмкін сол кезде олар адамдардың өмірін жақсарту туралы ойлана бастар?», деген пікір білдірген.
Осы жазбасынан кейін 3 күн өткенде оған «Атамекен» ҰКП Қарағанды облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы болудан бас тарту туралы қоңырау келіп түскен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024