Pearson британдық баспасы Financial Times газетін жапондық Nikkei медиакомпаниясына 1,3 млрд долларға сатып жатыр деп хабарлайды FT.
FT таратқан ақпарат бойынша, топтар арасындағы келісімге басылымды және оның электронды нұсқасын сату кіреді. Сонымен бірге келісім How to Spend It, the Banker and Money-Media журналдарын және басылымның FTChinese қытай тіліндегі нұсқасын да қамтиды. Келісім бір жылдай уақыт жүргізілген. Британдық медиахолдинг келісімді 2015 жылдың 4-тоқсанында бітіруді жоспарлап отыр. Десе де, FT Group-тың Лондондағы штаб-пәтері мен The Economist Group-тағы акциялардың 50 пайызы сатылмайтыны белгілі болып отыр. Axel Springer неміс медиатобы да Financial Times-ты сатып алу туралы келіссөздер жүргізген. Естеріңізге сала кетсек, Pearson баспасы FT-ға 58 жыл иелік еткен.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024