Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан экономикасы 2019 жылы - 3,4%, 2020 жылы 3,2%-ға өседі деп болжайды.
«Біз 2018 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру төмендейтіндіктен ЖІӨ келесі үш жылда құлдырайды деп күтеміз», -деді Fitch Ratings тәуелсіз рейтингтері бойынша талдау тобының директоры Марина Стефани.
Оның айтуынша, алдағы уақытта инфляция 2019 жылы 5,3-ке және 2020 жылы 4,5-ке дейін төмендейді.
«Біз алдағы бірнеше жыл ішінде мұнай бағасының төмендігі, сондай-ақ фискалдық жеңілдету тұтыну тауарларының импортына әкеледі және мемлекеттік теңгерімге әсер етеді деп есептейміз», - деді Марина Стефани.
Айта кетейік, Қазақстан экономикасы 2018 жылдың қорытындысы бойынша 4,1%-ға өсті, инфляция 5,3%-ды құрады.
2019 жылға ЖІӨ өсуінің ресми болжамы 3,8%-ды, жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі - 4-6%-ды құрайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024