Халықаралық Fitch Ratings агенттігі "Банк Центркредит"АҚ эмитетінтің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін (ЭДР) "В" деңгейінде деп, "АТФБанк" АҚ-ның көрсеткішін "В-" деңгейінде деп жариялады, болжам тұрақты.
Сондай-ақ "ЦентрКредит" банкінің шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР-і "В" деңгейінде деп тұрақталды, болжам қалыпты, шетелдік валютадағы қысқа мерзімді ЭДР "В" деңгейінде деп белгіленді.
Қолдау рейтингі "5" деңгейінде, тұрақтылық рейтингі "В" деңгейінде, ұзақ мерзімді ЭДР қолдау деңгейі - "қолдау деңгейі жоқ", қамтамасыз етілмеген қарыз рейтингі - "В"/"В(ЕХР)", қайтарылым рейтингі -"RR4".
"АТФБанк" ұзақ мерзімді шетелдік және ұлттық валютадағы ЭДР-і "B-" деңгейінде нақтыланды, болжам тұрақты, шетелдік валютадағы қысқа мерзімді ЭДР- "В" деңгейінде, тұрақтылық рейтингі "B-" деңгейінде, қолдау рейтингі - "5", ұзақ мерзімді ЭДР қолдау деңгейі - "қолдау деңгейі жоқ".
Банктер эмитентінің дефолт рейтингі жекеше несие төлеу қабілеттілігіне негізделіп, активтердің әлсіз сапасын, шағын капитализацияны, қарапайым пайдалылық және Қазақстан экономикасының өсу қарқынының баяулауы, мұнай бағасының төмендеуіне байланысты алдағы уақыттағы бизнес-тәуелділік шамасын айқындайды.
"АТФБанк-тің ВСС-ға қатысты төменгі рейтингі оның әлсіз қаржылық көрсеткіштерін, жекелей алғанда несиелік портфелінің құнсызданғанын көрсетеді",-деп жазылған Fitch хабарламасында.
Ұлттық Банктің мәліметі бойынша, "ЦентрКредит" банк 2014 жылдың қорытындысы бойынша 38 банк арасында 6 орынды, "АТФБанк" 8 орынды иеленеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024