Алматы. 06 желтоқсан. 7kun.kz — Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі 2019 жылы мұнай бағасының болжамын төмендетті.
2020 және 2021 жылдарға арналған болжамдар сол күйінде қалады.
Fitch есебіне сәйкес, биыл Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 63,44 долларды құрайды. Бұған дейін агенттік бір баррель бағасы 65 доллар болады деп болжаған.
2020 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 62,5 долларды құрайды. 2021 жылы - бір баррелі үшін 60 доллар, 2022 жылы - бір барреліне 57,5 доллар.
Сонымен бірге, ОПЕК+ құрамына кіретін ірі мұнай өндірушілер келісімге келді.
Айта кетейік, отырыста өндірісті қысқарту туралы келісімді ұзартуды талқылау жоспарланған. Осы жылдың маусым айында елдер мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімді 2020 жылдың наурызына дейін ұзартты. Шарттарға сәйкес, ОПЕК + қатысушылары өндірісті 2018 жылдың қазанындағы деңгейден тәулігіне 1,2 миллион баррельге азайтты. Дегенмен, Қазақстан міндеттемелерді толық орындап жатқан жоқ. Өз кезегінде, елдің энергетика министрлігі мұнай өндіру бойынша 2018 жылдың рекордын жаңартуды жоспарлап отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024