Халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігі Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауынан кейін теңге 13% - 45% аралығында құнсыздануы мүмкін деген болжам жасады. Бұл туралы LS агенттіктің таратқан хабарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Біз президент сайлауынан кейін келесі девальвация болуы мүмкін деп есептейміз. Осыған дейін ел үкіметі теңге үшін рубльдің 3,5 теңгеден 4,5 теңге аралығындағы дәлізі ыңғайлы деп мәлімдеген еді. Бұл долларға қатысты 13%-дан 45%-ға дейінгі аралықта девальвация болуы мүмкін дегенді білдіреді", - деп жазылған агенттік хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Bank of America Merrill Lynch (BofAML) сарапшыларының Қазақстандағы экономика рецессияға жақын деп есептейтіндігі хабарланған еді. Олар теңгені 30%-ға құнсыздандыру керек деп мәлімдеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024