Алматы. 25 маусым. 7kun.kz — FlyArystan әуекомпаниясы Алматы-Тараз бағыты бойынша КС7145 рейсімен қатынаған 100 мыңыншы жолаушысын құттықтап, әуекомпанияның бағдарлар кестесіндегі кез-келген бағытта екі жаққа ұшуға мүмкіндік беретін билеттерді сыйлады. Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Тараз қаласының тумасы – Әзімқұлова Гүлнар қазақстандық лоукостердің қызметіне бірінші рет жүгінген.
Айта кетейік, 2 айдан аз уақыт ішінде әуекомпания 100 мың жолаушыны тасымалдап, қазан айынының соңына дейінгі рейстерге 185 мыңнан астам билетті сатып үлгерді. Олардың жартысынан
астамы 10 000 теңгеге дейінгі минималды тарифпен сатылғанын.
Бұл ретте рейстердің уақытылы орындалу көрсеткіші 91% болса, әуе кемелердің жүктеме коэфиценті 93%-ды құрады.
«Арзан тарифтердің көмегімен отандастарымыз жиі ұшуға мүмкіндік алып, демалыстарын бірнеше ай бұрын жоспарлай бастағаны расында да қуантады. Бұл ертерек алынған билеттер, арзанырақ болады деген сөз. 5 кг қолжүгі қосылған билетке қосымша жүк немесе үлкейтілген қолжүкті 10-50% тиімдірек алғыңыз келсе, онда ол қызмет түрлерін бөлек алмай, Комфорт немесе Комфорт плюс топтамасын брондаған дұрыс» - деп атап кетті FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.
FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы – Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, «Эйр Астана» әуетасымалдаушысының бөлімшесі.
FlyArystan әуепаркі 180 орынды 2 Airbus А320 ұшақтарынан құралған. Әуекемелердің орта жасы 6 жыл және де ол қазақстандағы ең жас реактивті әуефлот болып саналады. 2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024