Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

FlyArystan арзан билеттері ішкі туризмді жандандырады - Дәурен Абаев

FlyArystan арзан билеттері ішкі туризмді жандандырады - Дәурен Абаев

Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «FlyArystan» компаниясының арзан билеттерінің басымдықтарын атады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Жуырда ғана Елбасының тікелей тапсырмасымен құрылған «FlyArystan» компаниясы Алматы - Нұр-Сұлтан бағытында тікелей рейс ашты. Қазақстандықтар ең көп қатынайтын аралықтағы билеттің бағасы - бар-жоғы 7 мың теңге. Бұл дегеніңіз пойыз билетінен арзан деген сөз. Әлбетте, мұндай сапарлардың өзіндік құны әсте жоғары. Алайда, мемлекет субсидиялау арқылы белгілі бір міндетті өз мойнына алып отыр», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министр бұл жұмыстардың бәрі не үшін жасалып жатқанын айтып берді.

«Бұл біріншіден, ішкі туризмді жандандырады. Қазіргі таңда біздің отандастарымыз өкінішке қарай Шығыс немесе Батыс Қазақстаннан гөрі, Түркия немесе Мысырдағы курорттық аймақтарды жақсы біледі. Себебі, бұрын баға басқа еді. Мысалы, Ақтауға дейінгі билет бағасы туристік сапардың бағасымен бірдей болып шыға келетін. Қазіргі уақытта қолға алынып жатқан шаралар бұл жағдайды реттеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл біздің азаматтардың еңбек және бизнес мобильділігін арттырады», - дейді Дәурен Абаев.

Похожие материалы