Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

FlyArystan мамыр айында 50 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады

FlyArystan мамыр айында 50 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – Бірінші қазақстандық лоукостер - FlyArystan 2019 жылдың мамыр айында 50 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады. Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен айда орындалған рейстер саны - 309. Рейстерді уақытылы орындау көрсеткіші 94%-ға жетті, ал әуекемелердің жүктеме коэфиценті - 93%.

"Әуекомпания сайтында 26 қазанға дейін ұшуды жоспарлаған жолаушылар үшін билет сатылымы ашық. Сол себепті мамырдың соңына дейін сатылған 125 000-нан астам билеттердің 60%-дан көбі - бірнеше ай бұрын сапарларын жоспарлаған жолаушылар саны екенін атап кеткен жөн", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, FlyArystan ұшақтары мамыр айынан бастап Алматыдан - Нұр-Сұлтан, Тараз, Орал, Қарағанды, Шымкент, Павлодар қалаларына қатынай бастады.

Похожие материалы