Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

FlyArystan Қостанайдан Нұр-Сұлтанға рейстер ашады

FlyArystan Қостанайдан Нұр-Сұлтанға рейстер ашады

Алматы. 4 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылдың 3 қазанынан бастап FlyArystan Қостанайдан Нұр Сұлтанға рейстер ашады. Бір жаққа ұшуға билеттердің бағасы 5999 теңгеден басталады, - деп хабарлайды әуекомпанияның баспасөз қызметі.

Ұзақтығы бір сағат болатын күнделікті рейстер 180 орынға есептелген Airbus A320 ұшақтарында орындалатын болады.

Әуе тасымалдаушысы өз жұмысын 2019 жылдың мамыр айында бастады, 2020 жылдың соңына дейін флотты 10 ұшаққа дейін кеңейтуді жоспарлап отыр, бұл рейстер мен бағыттардың санын 5 есеге арттырады.

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы – Алматыда орналасқан, «Эйр Астана» әуекомпаниясының бөлімшесі. Әуекомпания флоты 180 орындық екі Airbus A320 ұшағынан тұрады, олардың орташа жасы – 6 жыл.

Похожие материалы