Forbes журналының рейтингі бойынша, "Кек алушылар" фильмінің жұлдызы Роберт кіші Дауни әлемдегі ең табысты актер деп танылды. Ол 2014 жылдың 1 шілдесі мен 2015 жылдың 1 шілдесі аралығында ол 80 млн доллар тапқан.
Екінші орынды қытайлық актер Джеки Чан иеленді. Оның байлығы 50 млн доллар деп бағаланды.
Үшінші орында 47 млн доллармен Вин Дизель, төртінші орында 41,5 млн доллармен Брэдли Купер, бесінші орында 41 млн-мен Адам Сэндлер, 40 млн-мен Том Круз тұр.
Болливуд жұлдыздары Амитах Баччан мен Салман Хан (33,5 млн доллар) жетінші орынға ие болды. Тоғызыншы орында да үндістандық актер Акшай Кумар (35 млн доллар). Топ ондықты 32 млн доллармен Марк Уолберг қорытындылайды.
Осыған дейін Forbes тізіміне тек Голливудта жұмыс істейтін шетелдік актерлер қосылатын еді. Осы жылдан бастап америкалық фильмдерге түспейтін шетелдік актерлер де қосылатын болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024