Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – «7-20-25» бағдарламасына қатысуға ниетті банктердің қатары толығып келеді. Келесі аптадан бастап бағдарламаның алғашқы 7 серіктесіне Forte bank те қосылады. Бұл туралы 7kun.kz-ке банктен хабарлады.
Банк 7 пайыздық мөлшерлемемен несие береді. Бастысы - үй бағасының 20%-ын төлеп, қалған соманы 25 жылға дейін өтеуге мүмкіндік бар.
Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін пәтердің ең жоғарғы құны 25 млн теңгеден аспауы қажет. Ал, қалған өңірлерде 15 миллионға дейін болуы керек. Осы шарттар сақталса, ары қарай несиені рәсімдеу онша қиын емес. Клиент бағдарлама бойынша салынған үйлерден қалаған пәтерін таңдайды. Өз кезегінде банк алғашқы жарнаның салынғанына көз жеткізген соң, қарыз алушының табысын есептеп, несие рәсімдейді. Сөйтіп клиент жаңа баспанаға ие болады.
Forte bank-тің хабарлауынша банк басшылығы «7-20-25» бағдарламасының ипотекалық, құрылыс жалпы экономикалық сектордың дамуына ықпалы зор», деп санайды
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024