«ForteBank» және "Альтернативтік қаржы" АҚ айла шарғысы үшін айыпталып отыр. Алматы қаласы, Бостандық ауданының соты банкке қатысты Е.Сүйінбаевтың жылжымалы мүлік міндеттілігін алып тастау және кепілдікті тоқтату туралы арызын қанағаттандырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Альянс Лизинг» АҚ-ның қаржы лизингі келісім-шарты негізінде Е. Сүйінбаев «Tоyota Prado» маркалы автокөлігін алады. 2007 жылдың 23 тамызында мүліктің толық иесі ретінде танылып, қаржы лизингі келісім-шартын тоқтатпақ болады. Алайда 2014 жылы автокөлікті сату кезінде мүлік әлі де "Альянс Банк" АҚ-ның кепілдігінде тұрғанын біледі », - деп хабарлайды Алматы қалалық соты.
«Альянс Лизинг» АҚ-нан жағдай туралы сұрастырғанда оның "Альтернативтік қаржы" АҚ деп атауын өзгерткендігі анықталды. Е. Сүйінбаевтың автокөлікке қатысты жылжымалы мүлік ауыртпалығын алып тастау туралы жазған хатына "Альянс Банк" жауап беруден бас тартқан. Бұл қадамдарын "Альтернативтік қаржы " АҚ банк алдындағы міндетерін орындаған жоқ деп түсіндіреді. Ал кейінірек "Альянс Банк" «ForteBank» АҚ-на құқықтық мұрагері ретінде қосылғаны белгілі болды. Сот Е. Сүйінбаевтың кепілдікті тоқтату және жылжымалы мүлік ауыртпалығын алып тастау туралы арызын қанағаттандырды. Алматы қалалық сотының аппеляция ұжымы «ForteBank» АҚ-ның аппеляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024