«ForteBank» акционерлік қоғамы Қазақстанның жетекші банктерінің бірі болып есептеледі және банктік қызметтер нарығында 20 жылдам астам табысты жұмыс атқаруда.
2018 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша «ForteBank» АҚ-ның орналастырған акцияларының жалпы санының бес және одан артық пайызын ұстаушы Өтемұратов Болат Жамитұлы, оған Банктің орналастырылған қарапайым акцияларының 87,27% тиесілі, оның ішінде: Банктің орналастырылған 79,79% қарапайым акциялары түрінде және 7,49% ғаламдық депозитарлық қолхат (ҒДҚ) түрінде, олардың базалық активтері Банктің қарапайым акциялары болып табылады.
«ForteBank» АҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар, сонымен қатар «Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қоры» ЖАҚ қаржылық қаражаттарын депозитте орналастыру үшін сеніп тапсыратын, ҚР Ұлттық Банкі белгілеген екінші деңгейлі банктер тізіміне кіреді. «ForteBank» АҚ 19 филиалдан және 100-ге жуық бөлімшелері бар тармақталған желіден тұрады.
Дереккөз: forte.bank
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024