Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz – «ForteBank» АҚ Kassa Nova банктің акцияларының 100%-ын сатып алу бойынша мәмілені аяқтады. Бұл туралы ForteBank-тің баспасөз қызметі хабарлады.
«Kassa Nova-ны сатып алу ForteBank-тің топтық банктік активтерін біріктіруге бағытталған даму стратегиясын іске асырудың бір қадамы болып табылады. Бұл мәміле ForteBank-ке нарықтың жекелеген сегменттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, ал Kassa Nova үшін бұл одан әрі дамытуға, банктің қаржылық көрсеткіштерін нығайтуға және клиенттерге ForteBank-те іске асырылатын технологиялық және өнімдік шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деді ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.
«Kassa Nova банкі» АҚ басқарма төрағасы Шолпан Нұрымбетова бұл іс-шара банктің бизнесті дамыту стратегиясына толық сәйкес келетінін атап өтті. Жылдам даму және нарықтағы өзгерістер кезеңінде бұл мәміле қаржылық тұрақтылықты нығайту және банк өтімділігін арттыру үшін табысты қадам болып табылады. Fortebank технологиялық шешімдеріне қол жеткізу арқасында біз шығынды оңтайландырып қана қоймай, сонымен қатар қызмет көрсету сапасын жақсарта аламыз», - деп атап өтті С.Нұрымбетова.
«Kassa Nova банкі» АҚ толыққанды еншілес банк ретінде жұмыс істеуді және салымшылар, кредиторлар және инвесторлар алдындағы өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады.
ForteBank-тің негізгі акционері белгілі қазақстандық кәсіпкер Болат Өтемұратов (88,47%) болып табылады. Сонымен қатар, Б. Өтемұратовқа «Nova Лизинг» АҚ тиесілі.
Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, ForteBank және Kassa Nova 2019 жылдың бірінші тоқсанында республика бойынша 28 банк арасында активтер көлемі бойынша 4-ші және 21-ші орынды иеленді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024