Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz – Франция президенті Эмманюэль Макрон "сары кеудешелердің" жаппай наразылықтары аясында келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы көбейеді деп мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, ай сайынғы ең төменгі еңбекақы мөлшері 2019 жылдан бастап 100 еуроға артады. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап үстеме жұмыс уақытында ақша салықсыз төленеді.
Макрон ел азаматтары "лайықты түрде" өмір сүруі тиіс екенін атап өтті.
Наразылық пен тәртіпсіздік туралы айта келе, Франция Президенті зорлық-зомбылыққа қарсы батыл әрекет ететінін де айтты.
"Полиция қызметкерлеріне, жандармдарға жасалған шабуылдарды, сондай - ақ дүкендерге және қоғамдық мекемелерге зиян келтіруді ешқандай жамандық ақтамайды", - деді француздар басшысы.
Сөз сөйлеу барысында ол кейбір мәселелерді шешу кезінде қателіктер жібергенін мойындады. Бұл ретте президент қазір француздар тап болатын көптеген қиындықтар - оның кінәсі емес, соңғы 40 жыл ішінде билік қабылдаған шешімдердің нәтижесі екендігін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 17 қарашада 250 мыңға жуық адам бүкіл Франция бойынша дизель отынына салынатын салықты арттыруға қарсы наразылық білдіре бастады.
Соңғы жылы Францияда дизель отынының құны литріне орташа 1,51(23%) евроға дейін өскен. Эммануэль Макронның Үкіметі енгізген дизель отыны мен бензин салығы да дизель бағасының қымбаттауына алып келді. Бұл өз кезегінде, "сары кеудешелер" қозғалысының пайда болуына тағы бір себеп болды.
Айта кетейік, "Сары кейдешелер" атауы Францияда кез келген жүргізушінің машинасында болуы тиіс кеудешелердің түсіне байланысты. Ресми көшбасшылар жоқ қозғалыс Францияда кең қолдауға ие. Ал оның акцияларында Макронның отставкаға шығуын талап ететін үндеулер жиі естіледі.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024