Франция нацистік концлагерлерге жер аударылғандарға 60 млн доллар көлемінде өтемақы төлейді.
Франция парламенті АҚШ-пен Францияның Екінші дүнижүзілік соғыс кезінде француздық поездер арқылы нацистік концлагерлерге жер аударылған шетелдіктерге 60 млн доллар төлейтіндігі туралы келісімге келді. Бұл туралы AFP басылымы хабарлайды. Израиль, Канада және АҚШ азаматтарын қосқанда бірнеше мың адам өтемақы алуы мүмкін. Ал бұған айырбас ретінде АҚШ Францияны Холокост құрбандарының арызы бойынша қаржы төлеу міндетінен арылтады.
Францияны басып алғаннан кейін немістік жауынгерлер француз поездары арқылы 76 мың еврейді концлагерлерге жер аударып жіберген. Олардан 3 мыңы тірі қалды. Әзірге Франция үкіметі Холокосттан зардап шеккен азаматтарына 60 млн доллар төледі.