Францияның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бейсенбі күні Ниццеде тұрғындарға қасақана шабуыл жасалды. Оқиға Францияның ұлттық мерекесі — Бастилияны атап өту кезінде болған.Франция Президенті Франсуа Олланд мұны террористердің шабуылы деп атады. Бұл туралы ВВС хабарлайды.
Оқиға кезінде кемінде 80-нен аса адам қаза тапты, тағы 18-нің жағдайы ауыр.
"Ниццеде болған оқиғаның терроризммен байланысы бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Францияға исламдық терроризмнен төнетін қауіп деңгейі өте жоғары. Сондықтан барынша сақ болуымыз керек", - деді Франция Президенті.
Қасақана оқиға Ағылшын жағалауында халық мереке кезіндегі отшашуды тамашалаған уақытта болған. Белгісіз көлік жиналған халыққа қарай соқтығысып, адамдар арасымен екі шақырымдай жүріп өткен. Осыдан кейін террористер адамдарға оқ атқан.
Еске салайық, 2015 жылдың қараша айында Францияда тағы теракт болып, жүздеген адам қаза тапқан. Террорлық актілерге көңіл айту мақсатында әлемнің көптеген ғимараттары Франция елінің туымен түстес етіп боялған еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024