Астана. 30 қараша. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «ALSTOM Transport SA» АҚ арасында және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Société Générale банкі арасында келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Құжатқа сәйкес, ALSTOM компаниясы 2023-2029 жылдар кезеңінде қазақстандық зауытта ЭҚЗ электровоз шығарады және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үшін 245 электровоз жеткізіп береді.
«Alstom жақын арада электровоздар мен жылжымалы құрамға арналған жабдықтар мен теміржол көлігі инфрақұрылымын өндіру және оларға техникалық қызмет көрсету жобаларын жүзеге асыруға 50 миллион еуро инвестициялауды көздеп отыр. Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстарында қызмет көрсету орталықтарын құру жоспарлануда», – деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Аталған келісім пайыздық мөлшерлемені субсидиялайтын Франция Қаржы министрлігінің, BPIFrance мемлекеттік экспорттық-импорттық агенттігінің және Société Générale банкінің белсенді қолдауымен жүзеге асырылады.
Сондай-ақ бұл электровоздардың қазіргі тапшылығы мәселесін шешеді және қазақстандық жүк жөнелтушілерге сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024