Алматы. 2 қазан. 7kun.kz – Фрилансерлер 8 қазаннан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті аударымдар жасауға кіріседі. Бұл жөнінде ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Мадина Əбілқасымова айтты.
Бүгін Үкімет отырысында қаулыға дауыс берілді. Қаулы күшіне енген соң бұл норма əрекет ете бастайды.
«Меніңше, аптаның соңына дейін ол күшіне енеді. Келесі аптадан бастап төлей беруге болады. Жарналарды əр айдың 25-не дейін төлеу керек», - деді М.Əбілқасымова.
Министрдің айтуынша, төлем қабылдау жүйелерінің дайындығы толық тексерілді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы дайындығын растады. Төлем қабылдауға арналған барлық кодтар бар, қызметкерлер де хабардар. Жарна банктер арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» шотына аударылады, ал корпорация ақшаны БЖЗҚ-ға жібереді. Барлық банктер төлем қабылдауға дайын.
Фрилансерлер проблема туындаған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» call-орталығына - 1414 жəне БЖЗҚ желісіне - 1418 хабарласа алады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024