Алматы. 15 шілде. 7kun.kz - Футболдан әлем чемпионатытың жеңімпаз командасына берілетін кубоктың бағасы 158,5 мың доллар, деп хабарлайды Reuters.
«Алты килограмдық олжа таза алтын мен малахит бағалы тастарынан тұрады. Сондықтан кубоктың 5 килосы, яғни 160,75 троя унициясы (75%) 18 караттық алтын. Қазіргі баға эквиваленті бойынша ол 158,5 мың доллар тұрады», делінген зерттеуде. Бұл кубок 1974 жылы жасалып, қазіргі уақытқа дейін бағасы 10 есеге өсті. Ол кезде оның нарықтық бағасы 16 мың долларды құрайтын. Компанияның бағалауынша, Чемпиондар лигасының 15 килограмдық кубогы Еуропада әлдеқайда беделдірек. Алайда ол 3,63 мың доллар тұрады. Ал статусы бойынша екінші Еуропа лигасының олжасы 7,275 мың долларды құрап отыр.