"Газпром" "Түрік ағыны" газ құбырының теңіз аумағындағы бірінші желісінің құрылысынан бас тартты. Сәрсенбі күні кешке құбыр салуы тиісті италиялық Saipem S.p.A. компаниясымен келісім-шарттың бұзылғандығы белгілі болды деп жазады ТАСС.
"Аталған шешімнің қабылдануына "Түрік ағыны" жобасын іске асыру кезіндегі көптеген сұрақтарға байланысты келіспеушіліктердің орын алуы себеп болды", - делінген "Оңтүстік ағын", "Түрік ағыны" жобаларының экс-операторы South Stream Transport B.V. компаниясының баспасөз баяндамасында. - Бірақ "Түрік ағыны" құбырының басқа жұмыстары жалғаса түседі және жақын арада South Stream Transport "Түрік ағыны" желісінің тұрақты мердігерлермен келіссөздер бастамақ".
Алғашқы жоба "Оңтүстік ағын" Қара теңіздің түбімен австралиялық Баумгартенге баруы қажет еді. Оның 50 пайызы "Газпромға", 20 пайызы италиялық Eni, 15 пайызы Францияның Electricite de France (EDF) және немістің Wintershall компанияларына тиесілі болды. Жобаның құны бірнеше рет көбейтілді.
Бірақ "Оңтүстік ағын" ЕО-ның монополияға қарсы заңдарына қарама-қайшы келгендіктен Еурокомиссия жобаның іске асырылуына кері әсерін тигізді. 2014 жылдың 1 желтоқсанында Ресей "Оңтүстік ағыннан" бас тартатындығын мәлімдеді.
"Оңтүстік ағынның" орнына келген жоба "Түрік ағыны" деген атауға ие болды. Жоспар бойынша, құбыр Түркия аумағы арқылы түрік-грек шекарасына дейін барады. Ары қарай Еуропа елдері қажетті инфрақұрылымды өздері салуы тиісті. "Түрік ағыны" құбырының теңіздегі бөлігін Saipem компаниясы салуы тиісті еді.
Бірақ бұл жоба "Газпромның" Түркияға газға қатысты нақты жеңілдік бермеуіне байланысты қарқынды жұмыс істеп тұрған жоқ.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024