Алматы. 26 шілде. 7kun.kz — General Motors-тің (GM) өздігінен жүретін автомобильдерді шығаратын бөлімшесі - Cruise осы жылдың соңына жоспарланған роботтандырылған такси қызметін іске қосуды кейінге қалдырды. Бұл туралы Cruise бас директоры Дэн Амманн хабарлады.
Оның айтуынша, компания Сан-Франциско жолдарындағы дербес тесттен өтетін автокөліктердің санын көбейтуді жоспарлап отыр, бірақ әзірге қарапайым жолаушыларға сапарлар ұсынбайды.
Айта кетейік, 2017 жылдың қараша айында GM 2019 жылға қарай АҚШ-ның бірқатар ірі қалаларында толығымен өзін-өзі басқаратын таксиді шақыру қызметін құруды мақсат етті. Алайда, GM басшылығы оны іске қосу мерзімі компания сапарлардың қауіпсіздігіне кепілдік бере алатынына байланысты болатынын атап өтті.
"Сан-Францискода толық өзін-өзі басқаратын автокөліктерді көбейту үшін талап етілетін техникалық сипаттамаларға және қауіпсіздікке қол жеткізуде біз жылдың қалған бөлігіне тестілеу мен валидация шеңберінде жүруді айтарлықтай ұлғайтатын боламыз. Нәтижесінде қызмет осы жылдан кейін іске қосылады соның", - деп жазды Амманн.
GM компаниясы Cruise үшін 2016 жылдың басында 1 млрд доллар төледі, ол кезде Сан-Францискода орналасқан стартапта тек 40 қызметкер жұмыс істеді. Қазіргі уақытта онда шамамен 1 500 адам жұмыс істейді. Cruise сыртқы қаржыландыру түрінде 6 млрд доллардан астам қаржы тартты, соның нәтижесінде оның нарықтық құны шамамен 19 млрд долларды құрады, деп хабарлады мамыр айында GM.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024