
Астана. 2маусым. 7kun.kz - Кәсіби боксшы Геннадий Головкин интернет-дүкен ашты. Ол жерден әзірге бейсболка, футболка және жейде сатып алуға болады. Дүкеннің ашылғаны жөнінде спортшы өзінің Instagram парақшасында жария етті.
"Менің #GGG атты жеке дүкенімнен мына мекен-жай бойынша shopggg.com заттар сатып алуға болады", – деп жазды Геннадий Головкин.
Интернет-дүкеннің сайтында бүгінгі үш түрлі зат қана бар: бейсболка, футболка және жейде. Футболкалардың 12 түрі бар. Бағасы - 30 АҚШ доллары. Ал GGG жазуы бар кепкалар сәл қымбатырақ - 35 доллар тұрады. Дүкендегі ең қымбат тауар - жейде. Оны 60 долларға сатып алуға болады.
"Геннадий Головкиннің әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлерінің барлығына қолжетімді болуы үшін осы дүкен ашылып отыр", – делінген сайтта.
Геннадий Головкин WorldBoxingNews басылымы жасаған рейтингте әлем бойынша үздік төрт боксшының ішіне енген.