Таяу Шығыстан келетін босқындардың Венгриядағы қиын жағдайына байланысты Германия мен Австрия билігі оларды өз аумағында қабылдау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Австрияның канцлері Вернер Файман хабарлады деп жазады РБК.
Олардың хабарламасында Вернер Файманның Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбанмен және Германия канцлері Ангела Меркельдің келіссөздерінен кейін осындай шешім қабылданғандығы атап өтілген. "Венгрия шекарасындағы қиын жағдайға байланысты Австрия мен Германия босқындарға өз қозғалысын жалғастыруға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада. Дегенмен Австрия мен Германия Венгрияның Дублин келісім-шартында көрсетілген міндеттемелерін орындайды деген сенімде. Аталған құжат бойынша босқындардағы қабылдау жауапкершілік олар бірінші келген мемлекетке тиесілі болуы қажет.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024