Германия Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқында болған қазақстандықтарға өтемақы төлейді
1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 8-мамырына дейінгі аралықта Германдық тұтқында болған бұрынғы кеңестік әскери қызметші-қазақстандықтардың Германия Федералды Республикасы үкіметінен гуманитарлық көмек алуға құқылары бар, деп хабарлады Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
"Қазақстан СІМ-нен бізге сондай ақша төлеу туралы Германия Бундестагының 2015 жылы шешім қабылдағандығы туралы хабарламасы түсті. Герман жағы бір адамға 2500 еуродан бір рет төлемек», - деп хабарлады министрліктен.
"Біз хатты аймақтарға, әкімшіліктерге жолдадық, азаматтарға керекті құжат жинауға жәрдемдесуді сұрадық», - деді агенттікпен әңгімелесуші.
Мұндай жәрдемақыны алу үшін қазақстандықтар жергілікті әкімшіліктердегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына барып, ГФР орталықтандырылған қызметтер және шешілмеген мүлік мәселелері федералды ведомствосының атына арыз бере алады.
Арыз беру мерзімі 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Ал әскери қылмыс немесе адамзатқа қарсы қылмыс жасаған тұлғалардың мұндай ақшалай көмек алуға құқылары жоқ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024