Экономика
Goldman Sachs Ресей Банкі негізгі мөлшерлемені 2 есе төмендетеді деген болжам жасады
Америкалық Goldman Sachs инвестициялық банк 2015 жылы Ресей Банкі негізгі мөлшерлемені 7 немесе 8 пайызға төмендейді деген болжам жасайды деп хабарлайды Bloomberg агенттігі. Банк сарапшылары қазіргі мұнай бағасына байланысты рубль артық бағаланып жіберді және келесі жылы долларға қатысты бағамы 61 рубльге дейін төмендеуі қажет деп есептейді.
Осыған дейін инвестбанк негізгі мөлшерлеме 11 пайызға дейін төмендейді деп мәлімдеген еді. Наурыз айында Goldman Sachs сарапшылары қажетті деңгейде бағаланбаған деп есептеп, ресейлік облигацияларды сатып алуды ұсынған еді.
Қазір Ресей Банкі негізгі мөлшерлемені бір пунктіге төмендетті. Бұл шешімді банк басшылығы төмен бәстің экономикалық қауіптің азаюына, ифляцияны болдыртпайтындығымен түсіндірді.
Орталық Банк 30 қаңтарда негізгі мөлшерлемені 17 пайыздан 15 пайызға төмендету туралы шешім қабылдады. Реттегіштің мәлімдеуінше, негізгі мөлшерлемені 17 пайызға дейін көбейту девальвация мен инфляцияны "Ресей Банкі қалағандай мөлшерде" тұрақтандырды. Ол кезде доллар бағамы 70 рубльге, еуро 80 рубльге тең болған еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024