
Google Inc. жоғары деңгейдегі (top-level domain, TLD) ".app" домені үшін рекордтық $25 млн төледі.
Өткен аптада өткен аукцион барысында Google аталған домен үшін ең жоғары баға ұсынып, арасында Amazon Inc. бар өзге үміткерлердің алдын орап кетті деп хабарлайды Интернеттегі адрестік кеңістікті басқаратын Internet Corporation for Assigned Names and Numbers (ICANN) мекемесі.
Google төлеген сома осыған дейін рекорд болып келген, Dot Tech LLC өткен жылдың қыркүйек айында $6,8 миллионға сатып алған ".tech" доменінің құнынан үш есе артық.
Amazon 2014 жылдың қыркүйегінде ".buy" доменін $4,6 млн, ал қазанда ".spot" доменін $2,2 млн ақшаға сатып алған болатын.
Google доменді қандай мақсатта пайдаланатынын әлі мәлімдеген жоқ.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025