
Токио. 29 тамыз. 7kun.kz - Өткен жұмада Жапония Google тарапынан жіберілген қателікке тап болды. Түзету жұмыстары жарты Жапонияның интернетсіз қалуына әкелді. Бұл туралы thenextweb.com хабарлады.
Google қызметкерлері жапондық провайдерлердің IP-мекен-жайларын дұрыс белгілемеген. Салдарынан жапон пайдаланушыларына келуге тиіс болған трафик Google серверлеріне аударылған. Техникалық ақау бір сағаттың ішінде жойылды. Алайда интернет желісінің іске қосылмай қалуы банк, үкімет порталдары және онлайн-дүкендер мен әлеуметтік желілердің жұмысына кесірін тигізді.
Аталған мәселеге байланысты Жапония ІІМ-і тексеру жұмыстарын бастады.
Дереккөз: inform.kz
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025